Астанада Айтматов көшесі ішінара жабылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Айтматов көшесі ішінара жабылады/фото: shutterstock

Астанада Шыңғыс Айтматов көшесі 23-26 қыркүйек аралығында ішінара жабық болады. Бұл туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

«Қорғалжын тас жолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі учаскеде Шыңғыс Айтматов көшесі бойынша жол төселеді. Соған байланысты 23-26 қыркүйегі аралығында бұл учаске ішінара жабылады», – делінген ақпаратта.

Жөндеу жұмыстары Қорғалжын тас жолынан Қосшығұлұлы көшесіне қарай жүргізіледі. Қозғалыс Қосшығұлұлы көшесінен Қорғалжын тас жолына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылады.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ оқыңыз