Астана сотында Болат Назарбаевтың ұлына қатысы бар іс қаралып жатыр

Астанадағы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта Бас прокуратураның қайтарылған активтер жөніндегі комитетінің Нұрбол Назарбаевқа қатысты шағымы қарала бастады.
Әлеуметтік желіде бұл іс комитеттің талап арызы бойынша қозғалып, Назарбаев жауапкер ретінде қатысып жатқаны туралы ақпарат тарады.
Алайда Астана соты бұл істің талап арыз емес, шағым негізінде қаралып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар істе құпия материал болғандықтан, сот процесі жабық режимде өтіп жатыр.
Бұған дейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың дүние-мүлкін бөлуге қатысты мұрагерлік 2 бірдей іс e-notary жүйесінде тіркелгені айтылды.
БАҚ ақпаратына сүйенсек, Болат Назарбаевтың мүлкіне оның 14 баласы мен 1 әйелі таласты:
- Назарбаев Нұрбол Болатұлы, 1983 жылы 14 қарашада дүниеге келген.
- Назарбаева Динара Кемелханқызы 1986 жылы 4 желтоқсанда дүниеге келген (Болат Назарбаевтың әйелі)
- Назарбаева Ақбота Болатқызы, 2000 жылғы
- Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жыл 17 ақпан
- Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жыл 7 маусым
- Назарбаева Жанель Болатқызы, 2010 жыл 3 қараша
- Болатұлы Болатхан, 2012 жыл 7 ақпан
- Болатқызы Томирис, 2013 жыл 30 шілде
- Назарбаев Елнұр Болатұлы, 2013 жыл 19 тамыз
- Назарбаев Болат Болатұлы, 2014 жыл 17 қазан
- Болатқызы Аруназ, 2016 жыл 13 қаңтар
- Назарбаев Ақбар Болатұлы, 2016 жыл 23 қараша
- Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жыл 26 қаңтар
- Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жыл 18 мамыр
- Назарбаева Нұрбану Болатқызы, 2018 жыл 9 шілде
- Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2021 жыл 21 қыркүйек
Айта кетейік, 2023 жылы Болат Назарбаев 71 жасында қайтыс болды.