Перизат Қайратқа шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Қайраттың адвокаты үкімге шағым түсірді/коллаж kursiv.media

Астана сотында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралады.

Соттың хабарлауынша, адвокаттың шағымы негізінде сот отырысы 24 қыркүйекте өтеді.

2025 жылдың шілдесінде Biz Birgemiz Kazakhstan 2030 қорының жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – «Алаяқтық», 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» бойынша кінәлі деп танылды.

Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды

Сондай-ақ оқыңыз