Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде үшінші орынға шықты

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан Еуропалық одаққа негізгі мұнай жеткізуші елдің біріне айналды. Еуростаттың деректеріне сәйкес, еліміздің үлесі 12,7%-ға жетіп, үшінші орынға шықты.
Ал көшбасшылар қатарында Норвегия (15,2%) және АҚШ (14,2%) тұр. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2024 жылдың осы кезеңінде Қазақстанның үлесі 11,7% болған, яғни бір жыл ішінде өсім байқалады.
Мұнай жеткізуде басқа елдердің көрсеткіштері керісінше төмендеген. Мысалы, АҚШ-тың үлесі 15,1%-дан 14,2%-ға, Сауд Арабиясының үлесі 8,7%-дан 6,2%-ға азайған. Ал Норвегия 14,1%-дан 15,2%-ға өссе, Ливия 8,4%-дан 9,9%-ға көтерілген.
Көмір жеткізу бойынша да Қазақстан позициясын күшейтті. 2025 жылдың екінші тоқсанында еліміздің үлесі 7,5%-ға жетті. Бұл 2024 жылғы 4,9%-дан едәуір жоғары. ЕО нарығындағы негізгі көмір жеткізушілер – АҚШ (35,3%), Аустралия (33,2%) және Колумбия (12,5%).
Қазақ мұнайын Еуропаға «Достық» құбыры арқылы жеткізіледі. Құбыр КСРО кезінде салынған. Оның оңтүстік тармағы Венгрия, Словакия және Чехия, солтүстік тармағы Польша мен Германияға тартылған. Құбыр Украина аумағы арқылы да өтеді.