100-ден астам қазақстандық «Jibek Joly» туристік пойызымен сапарға шықты

Жарияланды 22 Қыркүйек 2025 09:12

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Jibek Joly» туристік пойызы сапарға шықты / фото: Жолаушылар тасымалы

Бүгін 22 қыркүйек күні Алматыдан 100-ден астам жолаушы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Бұхара – Алматы» бағыты бойынша жүретін «Jibek Joly» туристік пойызымен жолға шықты. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Бағыт бойында туристер Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени және тарихи орталықтарына аялдап, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін жәдігерлермен танысады. Сапар барысында жолаушылар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, көне Отырар қалашығын, Самарқандағы Әмір Темір кесенесін және әйгілі Регистан алаңын, Бұхарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз алаңын, сондай-ақ Ташкенттегі Төле би кесенесі мен Хазрет Имам мемориалдық кешенін тамашалайды.

Турпакетке пойызбен сапар, кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, барлық экскурсиялық билеттер мен трансферлер толық қамтылған.

«Jibek Joly» туристік пойызы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бастамасымен және «Өзбекстан темір жолдарының» қолдауымен ұйымдастырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бөлек қыркүйек айында Қазақстан мен Өзбекстан арасында пойызбен тағы екі тур жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз