«Алтын доп – 2025» марапаттау рәсімін қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
«Алтын доп – 2025» марапаттау рәсімін қайдан көруге болады / фото: ашық дереккөз

22 қыркүйекте Париж қаласында «Алтын доп — 2025» марапатын табыстау рәсімі өтеді. France Football журналы ұйымдастыратын 69-шы мәрте әлемнің үздік футболшысын анықтайтын іс-шара әйгілі Шатле театрында табысталады.

Салтанатты шараның басталуы Қазақстан уақытымен түнгі 23:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер үшін марапаттау рәсімінің тікелей көрсетілімі Okko платформасында, ресми L’Equipe YouTube арнасында және қазақстандық QSport YouTube арнасында қолжетімді болады.

Бұл кеште үздік футболшы мен футболшыға, үздік бапкерлерге, жас таланттарға, қақпашыларға, сұрмергендерге, үздік клубтарға, сондай-ақ Сократес гуманитарлық сыйлығына марапаттар табысталады.

Басты үміткерлердің қатарында Францияның «Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Усман Дембеле және каталониялық «Барселона» көшбасшылары Рафинья мен Ламин Ямаль бар.

ПСЖ ойыншылары марапаттау рәсіміне қатыса алмайды. Себебі дәл осы күні «Марсельге» қарсы ойнайды. Алайда бұл ойынға ПСЖ тізімінде Дембеле мен Дуэ жоқ, футболшылардың марапаттау рәсімінде бой көрсетуі әбден мүмкін.

Еске сала кетейік, 2024 жылы «Алтын доп» марапатын испаниялық футболшы Родри алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз