«Қайраттың» жас ойыншысы шаңырақ көтерді

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дамир Қасаболат отау құрды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы Instagram парақшасында хабарлап, жас жұбайларға ізгі тілектерін жеткізді.
«Жас жұбайларға бақыт, береке және ұзақ ғұмыр тілейміз. Бірге өткізер әр күндеріңіз қуаныш пен махаббатқа толы болсын!» – делінге жазбада.
Дамир Қайратұлы Қасаболат 2002 жылдың 29 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның 17 жасқа дейінгі және 21 жасқа дейінгі құрамаларында өнер көрсеткен. Қазіргі таңда 23 жастағы қорғаушы «Қайрат» сапында ойнап жүр.
Айта кетейік, Дамир Қасаболат Қазақстан ұлттық құрамасында алғаш рет 4 қыркүйек күні Уэльске қарсы өткен матчта дебют жасаған болатын.
Бұған дейін біз «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза әйгілі футболшы Самат Смақовтың қызымен көңіл жарастырып жүргенін жазған едік.