
Жапонияның Токио қаласында өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы сапынан бес спортшы сынға түсті. Өкінішке қарай, ешқайсысы жүлде алған жоқ.
Ең үлкен үміт артқан спортшымыз-Нора Джеруто 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруде 6-орынмен шектелді.
Қалған спортшылардың нәтижелері мынадай:
- 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру:
- Нора Джеруто – 6-орын
- Дейзи Джепкемей – 27-орын
- 10 000 метрге жүгіру:
- Дейзи Джепкемей – 16-орын
- 35 шақырым спорттық жүріс:
- Полина Репина – 35-орын
- Галина Якушева – жарысты аяқтамады
- 20 шақырым спорттық жүріс:
- Ясмина Тоқсанбаева – 23-орын
Айта кетейік, Нора Джеруто кениялық және қазақстандық жеңіл атлет. Кения сапында 2016 жылғы Африка чемпионатының жеңімпазы атанған. Ал 29 қаңтар 2022 жылдан бастап халықаралық жарыстарда Қазақстанның атынан сынға түсу құқығын алды. 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғап, 3000 м тосқауылдар арқылы жүгіруден жеңімпаз атанып, рекорд орнатқан болатын.