2026 жылы жәрдемақы кімдерге беріледі – Үкімет арнайы тізім жасады
Жарияланды

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы бұйрығы жарияланды. Онда мемлекеттік көмектен кімдер кіретіні жазылған.
Құжатта Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік қолдауға ие болатын азаматтардың негізгі санаттары бекітілген.
«Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін», – делінген бұйрықта.
2026 жылы жәрдемақы мына санатқа жатқызылған жеке тұлғаларға беріледі:
- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
- мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;
- арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
- зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
- он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
- әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
- айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
- екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
- кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар.
Еске сала кетсек, 2026 жылы бала туу мен нәресте күтіміне берілетін жәрдемақы көлемі 10%-ға артады. Атап айтқанда бала тууға берілетін бір реттік жәрдемақы 149,4 мың теңгеден 164,3 мың теңгеге өседі.