Жаңалықтар

2026 жылы жәрдемақы кімдерге беріледі – Үкімет арнайы тізім жасады

Енді жәрдемақы мұқтаж отбасыларға ғана беріледі, жүйе екі өңірде сынақтан өтіп жатыр
2026 жылы жәрдемақы белгілі бір санатқа жатқызылған азаматтарға ғана беріледі / Фото: kursiv.media

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы бұйрығы жарияланды. Онда мемлекеттік көмектен кімдер кіретіні жазылған.

Құжатта Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік қолдауға ие болатын азаматтардың негізгі санаттары бекітілген.

«Әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін», – делінген бұйрықта.

2026 жылы жәрдемақы мына санатқа жатқызылған жеке тұлғаларға беріледі:

  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылар;
  • зейнетақы төлемдерін алатын мүгедектігі бар адамдар;
  • он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
  • әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар тұлға;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруы бар тұлға болып табылатын жеке тұлғалар.

Еске сала кетсек, 2026 жылы бала туу мен нәресте күтіміне берілетін жәрдемақы көлемі 10%-ға артады. Атап айтқанда бала тууға берілетін бір реттік жәрдемақы 149,4 мың теңгеден 164,3 мың теңгеге өседі.