
Alatau City банкіне тиесілі сервистер жұмысын тоқтата бастады. 25 қыркүйектен бастап енді Alatau City Market маркетплейсі жұмыс істемейді. Бұл туралы компанияға сауал жолдаған «Ручная экономика» телеграм арнасы жазады.
Маркетлпейстегі азық-түлік жеткізу, әуе және теміржол билеттерін брондау, кино мен театр билеттерін сатып алу қызметтері қолжетімсіз болады. Банк өкілдерінің айтуынша, қаржы ұйымы алдындағы стратегия өзгергендіктен осындай шешім қабылданған.
«Біз азық-түлік жеткізу сервисінің жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатуды ұйғардық. Бұл біздің жаңа басымдықтарымыз бен басқа жобаларды дамыту жоспарымызға байланысты. Осыған орай супермаркет қызметі қазір қолжетімсіз. Қызметті қайта іске қосу жоспарланбайды», – деп атап өтті банктің баспасөз қызметінен.
Alatau City банкін осы жылы жазда миллиардер Вячеслав Ким сатып алды. Бірден ребрендинг жүргізіп, Jusan Bank деген атауын өзгертті.
Ал 11 қыркүйекте банк мемлекеттен көмек ретінде алған 50 млрд теңгесін толық қайтарды.