
«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа «Көлік тарихы» сервисі іске қосылды. Оның көмегімен көлік туралы толық ақпаратты білуге болады.
Ол үшін ЖСН мен телефон нөмірі арқылы кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді.
Бір тексерістің құны – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.
Бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі.
Жол-көлік оқиғасынан кейін жөнделген автокөлікті қалай анықтауға болады? Бұл туралы сілтемеге өтіп толығырақ таныса аласыз.