Парацетамол балаларда аутизм тудырады — Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі жүктілік кезінде ауырсынуды басатын «Тайленол» (парацетамол) препараты мен баланың аутизмге шалдығу қаупінің арасында байланыс болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Мұндай мәлімдемені Дональд Трамп консервативті белсенді Чарли Киркті еске алу шарасы барысында айтты.
«Біз аутизмнің жауабын тапқан сияқтымыз», — деді Трамп.
АҚШ-тың денсаулық сақтау министрі Роберт Ф. Кеннеди–кіші де елде «қоршаған ортадағы улы заттардың» әсерінен «аутизм эпидемиясы» бар екенін мәлімдеді.
Дегенмен АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия және өзге де елдердің медициналық ұсынымдары парацетамолды жүкті әйелдер үшін ауырсыну мен дене қызуын түсіруге арналған ең қауіпсіз препарат деп танып отыр.
«Парацетамол – жүктілік кезінде қолдануға рұқсат етілген негізгі ауырсынуды басатын дәрі, оны қолдану балаға зиян келтірмейді»,— деп мәлімдейді Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі.
Алайда АҚШ-та Tylenol препаратына қатысты ата-аналар мен белсенділер тарапынан сот істері жалғасып жатыр. Олар өндірушілер тұтынушыларды ықтимал қауіптер туралы ескертпеді деп есептейді. 2024 жылы федералды сот бұл шағымдарды қанағаттандырмады. Өйткені ғылыми тұрғыдан сенімді дәлелдердің жоқтығын айтқан.