Башар Асад биліктен кеткен соң, Сирия алғаш рет парламент сайлауын өткізбек

Башар Асад үкіметі құлағаннан кейін Сирияда өтетін алғашқы парламенттік сайлаудың мерзімі бекітілді. SANA агенттігінің хабарлауынша сайлау биыл 5 қазанда өтеді.
Сайлау өткізу туралы шешім осы жылы уақытша президент Ахмед Аш-Шараа жариялаған конституциялық декларация мен жарлықтарға сәйкес қабылданған. Ол маусым айында Жоғарғы сайлау комитетін құрған болатын.
Сайлау 60–90 күн ішінде парламент қалыптастыруға арналған уақытша жанама сайлау жүйесі бойынша өтеді.
Сирияда парламенттiк сайлаудың 210 мүшесінің 140-ы елдiң барлық провинциядағы сайлау округтерінде дауыс беру арқылы сайланады, қалған 70-ін Ахмед аш-Шараа тағайындайды. Тамыз айында қауіпсіздікке байланысты Эс-Сувейде, Эль-Хасаке және Эр-Раккада сайлау кейінге шегерілген болатын.
⠀
2024 жылғы 8 желтоқсанда оппозициялық қарулы топтар Дамаскке кіргеннен кейін, Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад қызметінен шеттеп, елден кеткен болатын. Бұл оқиға 14 жылға созылған азаматтық соғыстан кейін орын алды.
Айта кетейік соңғы жарты жылда Сирияда саяси ахуал түбегейлі өзгерді. Елде жаңа өтпелі үкімет құрылып, билік басына Ахмед әл-Шараа келді. Оның бастамасымен ел ішінде тұрақтылық орнай бастады. Осы өзгерістерді ескерген АҚШ Сирия халқына қолдау білдіру үшін санкцияларды алып тастау туралы тарихи шешім қабылдады.