Астанада Kursiv Infrastructure Forum өтіп жатыр – трансляция

Астанада Kursiv Infrastructure Forum форумы басталды.
Жиында инфрақұрылым жобалары ел экономикасының дамуына қалай әсер етіп жатқаны, көлік-логистика кешеніне салынып жатқан инвестициялар тақырыбы талқыланады.
Сондай-ақ мемлекеттік инфрақұрылым жобалардың нәтижесі, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасының қалай жүзеге асып жатқаны айтылады.
Жиында көлік және энергетика инфрақұрылымындағы ірі жобалардың ұлттық экономикаға қатысты ауқымы мен ықпалына қатысты сарапшылар ойын ортаға салады.
KursivMedia форумнан мәтін түрінде трансляция жүргізеді.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының бірінші Ғабит Малғаздаровтың айтуынша, қазірге дейін жоспарланған 208 мектептің 172-сі пайдалануға берілген.
Қазақстанда инженерлік желілер 60%-ға тозған. Ал бизнес өкілдері мемлекеттің бұл саланы 100 пайыз қаржыландыруы жеке инвестицияны ығыстырады деп есептейді. Экономист Расул Рысмамбетов осылай деді.
Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтің айтуынша, 2029 жылға қарай Жалпы ішкі өнімді екі есе арттыруға экономикаға жыл сайын 100-105 млрд доллар инвестиция тарту қажет.
Сондай-ақ ол тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында тарифті 6 жыл ішінде кезең-кезеңімен қымбаттату туралы айтып өтті.
Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Әділбек Мұсабаев апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі 2026 жылға дейін толығымен шешілетінін айтты.