Жеке басқарушылардың табыстылығы инфляциядан жоғары болды

2025 жылдың 8 айында Ұлттық банк басқаратын 24,5 трлн теңге зейнетақы активтеріне 1,3 трлн теңге инвестициялық табыс есептелген. Осы уақыт аралығында салымшылардың шоттарына бөлінген табыстылық деңгейі 5,43%-ды құрады.
Зейнетақы активтерін басқару ісіне Ұлттық банкпен қатар жеке басқарушы компаниялар да қатысады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша олардың барлығы Ұлттық банктен жоғары табыстылық көрсетті. Тіпті кейбірінің көрсеткіштері сегіз айдағы инфляциядан асып түсті.
Мәселен, Halyk Finance басқаруындағы қаражат көлемі 38,55 млрд теңгені құрады. Осы сомадан жыл басынан бері 2,18 млрд теңге табыс түсіп, табыстылық деңгейі 5,64%-ға жетті.
Сентрас Секьюритиз басқаратын актив көлемі 2,98 млрд теңгеге тең. Компания осы қаражаттан 238,71 млн теңге табыс тауып, 9,88% табыстылық көрсетті. Бұл барлық басқарушылардың ішінде ең жоғары көрсеткіш болып саналады және сегіз айдағы инфляциядан да асып түсті.
Ал Alatau City Invest басқаруындағы қаражат көлемі 12,74 млрд теңгеге жетті. Бұл қаражаттан түскен табыс 706,16 млн теңгені құрап, табыстылық деңгейі 5,69%-ды көрсетті.
Halyk Global Markets басқарған активтер сомасы 6,42 млрд теңге болды. Осы қаражат есебінен компания 349,29 млн теңге табыс алып, 5,76% табыстылық көрсетті.
BCC Invest басқаруындағы қаражат көлемі 7,67 млрд теңгені құрап, 466,80 млн теңге табыс түсірді. Оның табыстылығы 7,10%-ға жетті.
Зейнетақы қаржысын тәуекелі жоғары құралдарға салуға рұқсат берілмек.