
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 19-орында тұрған Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты.
Жартылай финалда Бублик жергілікті теннисші У Ибинді (№196) сенімді жеңді. Қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен екі сетте ұтты. Ойын 1 сағатқа созылды.
Кездесу барысында қазақстандық спортшы 17 эйс жасап, небәрі үш қос қате жіберді. Сондай-ақ 5 брейк-пойнттің үшеуін тиімді пайдаланды.
Финалда Александр Бублик француз теннисшісі Валентен Ройемен кездеседі.