Дональд Трамп өз әлеуметтік желісінде Тоқаев жайлы пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен келіссөздер туралы жазды.
Америкалық лидер Қазақстан президентін тарихтағы ең ірі теміржол жабдықтарын сатып алу келісіміне қол қойғанымен құттықтады.
«Қазақстан АҚШ-та өндірілген локомотивтер мен теміржол жабдықтарын сатып алуға 4 млрд долларлық тарихтағы ең ірі келісімге қол қойды. Президент Тоқаевты үлкен сатып алуымен құттықтаймын», — деп жазды Трамп.
АҚШ президенті теміржолдардың Америка мен бүкіл әлемнің дамуында шешуші рөл атқарғанын атап өтті. «Бұл сала қарқынды түрде қайта оралады», — деді ол.
Айта кетейік, келісімге сәйкес, Қазақстанға америкалық Wabtec компаниясы 300 локомотив пен қосымша жабдық жеткізеді. Құжатқа қол қою рәсімі Нью-Йоркте өткен болатын.