Жаңалықтар

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: билеттер сатылымға шықпай жатып 10 мың адам кезекте тұр

«Қайрат» – «Реал Мадрид»: мыңдаған адам кезекте тұр / фото: скрин

Бүгін, 23 қыркүйек күні, Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы көптен күткен матчқа билеттердің ресми сатылымы кешкі сағат 17:00-де басталмақ. Алайда сатылымға дейін-ақ сағат 15:30 шамасында Ticketon.kz сайтында 9 мыңнан астам адам кезекте тұр.

Ticketon мәліметінше, матчқа билеттерді сату екі сатылы кезек жүйесі арқылы жүзеге асады: алдымен сайтқа кіру үшін күту бөлмесі ашылады, кейін арнайы матчқа арналған жеке кезек қалыптасады.

Билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін, ал әр жанкүйер ең көп дегенде екі билет қана сатып ала алады. Сонымен қатар әр билет жеке ЖСН-ге тіркеледі.

Жанкүйерлердің көпшілігі билеттерді Freedom SuperApp, Ticketon.kz және Qairat SuperApp ресми платформалары арқылы сатып ала алады.