
Бүгін 23 қыркүйек, сейсенбі күні Астанада футзалдан Қазақстан және Италия құрамалары Еуропа чемпионаты-2026 турниріне жолдама үшін жауапты матчын өткізеді.
Ойын 19:30-да басталып, жанкүйерлер үшін «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы ойын 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында өткен болатын. Италияда алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Итальяндықтар сапынан 15-минутта Джованни Пульвиренти, 29-минутта Юлио Де Оливейра көзге түссе, Қазақстан құрамасының жалғыз голды 32-минутта Шыңғыс Есенаманов соқты.
Естеріңізге сала кетейік, футзалдан Еуро-2026 чемпионаты 20 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Латвия, Литва және Словенияда өтеді. Қазіргі Еуропа чемпионы — Португалия құрамасы.