Қазақстан диқандары биыл 24 млн тонна астық жинауды жоспарлап отыр – АШМ
Жарияланды

Қазақстан диқандары биыл 24 млн тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
«Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, астық бойынша болжам 24 млн тонна деңгейінде күтілуде. Бұл ішкі нарықтың азық-түлік, жем-шөп, тұқымдық қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және экспорт көлемін сақтауға мүмкіндік береді», – деді Сапаров.
Өнім 23,6 млн гектар егістік жерледен жиналады. Оның 16 млн гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды құрайды.
Айта кетейік, биылғы астық көлемі 2024 жылғы жиын-терім көлемінен аз. Өткен жылы көктемгі дала жұмыстарына су тасқыны келтірген қиындықтарға қарамастан, егіс алқаптарынан 26,8 млн тонна астық жиналған болатын.