
Қазақстан ішкі нарықты сиыр, қой, жылқы еттімен және жұмыртқамен толық қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
«Біз мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті көлемін өндірудеміз. Сонымен ет өнімдері – сиыр, қой, жылқы еттері және жұмыртқа ішкі сұранысты толығымен жабады», – деді министр.
Сапаров құс еті бойынша да оң динамика байқалғанын, өткен жылы ішкі нарықты бұл өнім түрімен қамту деңгейі 79% болса, биыл 82%-ға жеткенін айтты.
Сонымен бірге осы жылы сүт өнімдері бойынша да қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға жеткен.
«Қазіргі өндіріс көлемі ішкі нарықты қолжетімді өнімдермен толық қамтамасыз етуге жеткілікті» , – деді Сапаров.