Біз өте қиын заманда өмір сүріп жатырмыз – Анджелина Джоли

Анджелина Джоли АҚШ-та өтіп жатқан сөз бостандығы туралы пікірталастарға қатысты ойын айтты. Ол қазіргі заманға алаңдаушылық білдірді.
Өткен демалыс күндері Испанияда өткен кинофестивальде «Оскар» жүлдесінің иегері Анджелина Джолиға: «Сізді әртіс әрі америкалық ретінде не қорқытады?» деген сұрақ қойылды.
CNN ақпаратына қарағанда, Джоли бұған «бұл өте қиын сұрақ» деп жауап берген .
«Мен өз елімді жақсы көремін, бірақ қазір оны танымаймын», — деді Джоли. «Мен әрқашан көпұлтты ортада өмір сүрдім. Менің отбасым да әртүрлі елдерден шыққан. Достарым да, өмірім де басқа елдермен байланысты».
Ол сөзінше, оның дүниетанымы теңдікке негізделген. Біртұтас әрі интернационалды. Әлемде қай жерде болса да, бостандық пен өзін-өзі білдіруге шектеу қою немесе бөліну – өте қауіпті.
«Қазір өте маңызды кезеңде тұрмыз. Сөздерімізге абай болып, ешнәрсені жеңіл-желпі айтуға болмайды. Біз өте, өте қиын заманда өмір сүріп жатырмыз», — деді Джоли.
Мұның алдында Сая Оразғалиева мен Анджелина Джоли сұлулығы жайлы әлеуметтік желіде пікірталас туған еді.