
Франция президенті Эммануэль Макрон Нью-Йоркте өз елінің елшілігіне бармақ болғанда, көшеде қалып қойды.
Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне байланысты жолдардың жабылуы себеп болған.
АА ақпаратына қарағанда, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына келген Макрон полицейден көшенің неге жабылғанын сұрап, кейін Трампқа қоңырау шалған.
Ол әзілдеп: «Қалың қалай? Білесіз бе, не болды? Мен көшеде тұрмын. Өйткені бәрін сіз үшін жауып тастапты», – деп хабарласқан.
Бірнеше минуттан кейін Макрон телефон арқылы сөйлесіп жүріп, елшілікке жаяу бет алған. Ол Нью-Йорк көшелерімен шамамен 30 минуттай жүріп, тұрғындармен суретке түсті.
Сол сәтте өтіп бара жатқан бір адам Макронмен суретке түсу кезінде оның маңдайынан сүйіп алды.
Бұл оқиға Франция ресми түрде Палестинаны мойындағаннан кейін болып отыр.