
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған жұмыс сапары сәтті өтті. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары келіссөз жүргізді.
Нәтижесінде 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі-баспасөз хатшысының орынбасары Руслан Желдібай хабарлады.
Құжаттар еліміздің экономикасына 5,2 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды көздейді. Сонымен қатар, олар көлік, логистика, энергетика мен ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық маңызды салаларды қамтиды.
Келісімге қол қойған тараптар қатарында қазақстандық компаниялар бар. Атап айтқанда, олар – «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз». АҚШ тарапынан Amazon Kuiper, International Finance Corporation, Lummus Technology, Exxon Mobil, Chevron, LanzaJet, Wabtec және АҚШ-тың Экспорт-импорт банкі бар.
Мұның алдында Тоқаевтың Қытай мен АҚШ-қа сапарының нәтижелері туралы талдаған едік.