
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.
Президенттің пікірінше, Сауд Арабиясы – Қазақстанның араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі басты серіктестерінің бірі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Сауд Арабиясы Тақ мұрагерінің қызметтеріне толағай табыс, сауд халқына құт-береке тіледі.
Мұның алдында Президент Қазақстанның АҚШ-пен мұнай жобаларындағы әріптестікті жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген еді.