
Тұрсынбек Қабатов «массажға барып, полиция рейді барысында ұсталды» деп кейбір БАҚ таратқан ақпаратты жоққа шығарды.
Оның айтуынша, әртіс қазір Алматы қаласындағы іс-шаралардан қолы тимей жатыр.
«Армысыңдар ағайын! Кейбір сайттарда «Тұрсынбек бір массажға барды дей ме, рейд барысысында дей ме», сондай бір ақпарат тарап жатыр. Бұл – өтірік ақпарат. Сенбеулеріңізді сұраймын. Мен ешқайда барған жоқпын, еш жерде ұсталған жоқпын. Концерт берер алдында, менің аяғымнан біреулердің шалып жатқаны шығар», – деді Тұрсынбек Қабатов.
Оның сөзіне қарағанда, әртіс қазір Алматы қаласында жүр. Он бес күннен бері осы шаһарда тұрып жатыр.
«Ешқандай Манхэттен деген жерді білмейді екенмін. Ешқандай дәлелдері жоқ. Тарап жатқан жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Бір аптадан бері бағдарлама жүргіздім. Екі күн Алматының қала күнін жүргіздім. Қазір Алматыдағы тағы бір үлкен іс-шарадамын. Сенбедіңіздер, достар!» – деді Тұрсынбек Қабатов.
Айта кететін жайт, Тұрсынбектің әйелі Мөлдір Мұқан тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтып берген еді.