«Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау жүріп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: gov.kz

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау жалғасып отыр. Өтінімдер 2025 жылы 30 қыркүйекке дейін қабылданады деп ескертеді қала әкімдігі.

Осы уақытқа дейін қала тұрғындарынан 1 606 ұсыныс қабылданды. Алматылықтар аумақты көгалдандыру, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тротуарлар мен арықтарды жөндеу, балалар және спорт алаңдарын орнату, сондай-ақ санитарлық тәртіпті жақсартуға бағытталған бастамалар ұсынған.

Өтінімді онлайн режимде budget.open-almaty.kz платформасы арқылы беруге болады. Өтінімде:

  • • жобаның атауы мен қысқаша сипаттамасы;
  • • нысанның нақты мекенжайы;
  • • фото немесе эскиз;
  • • шығынның алдын ала сметасы болуы керек.

Қатысу шарттары:
• бір адам – бір өтінім- бір нысан;
• нысан жалпыға ортақ және өтініш берушінің ауданында орналасуға тиіс;
• жобада ең көп бюджет – 294,9 млн теңге.

Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін барлық жоба сараптамалық кеңестер мен аудан әкімдіктерінің қарауына жіберіледі. Ең көп дауыс жинаған бастамалар 2026 жылы жүзеге асырылады.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы жыл сайын тұрақты түрде өтеді. Былтыр бір өтінімге бөлінген қаражат 92 млн теңге ғана еді.

Сондай-ақ оқыңыз