Жеке инвесторларға KASE және AIX-ке туынды бағалы қағаздарды сатуға рұқсат берілмек

Жеке инвесторларға KASE және AIX-ке айналатын туынды бағалы қағаздарды (дериватив) және өзге де туынды қаржы құралдарын сатып алуға рұқсат берілмек. Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нормативтік актілерге осындай өзгеріс енгізген.
Қаулыға сәйкес білікті жеке инвесторлар өз қаражатына ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі кеңейіп, дериватив солардың қатарына енді.
Білікті жеке инвесторлар бұған дейін шетелдік компаниялардың бағалы қағаздары, жеке орналастыруға жататын облигациялар, өтеу мерзімі жоқ облигациялар, инвестициялық облигациялар,ы тек білікті инвесторларға арналған қаржы құралдарын сатып алатырн.
Деривативтер – бағасы акция, облигация, валюта немесе тауар сияқты негізгі активке байланысты болатын қаржы құралдары. Олардың негізгі түрлеріне фьючерстер, опциондар, своптар және форвардтар жатады.
Сондай-ақ ETF-ке салынатын инвестицияларға қойылған шектеулер алынып тасталды. Брокерлер мен басқарушы компаниялар үшін лимиттер артып, ал шетелдік есеп айырысу ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Өзгерістер ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.
Бұған дейін AIX алғаш рет листингтен өтпеген бағалы қағаздарды айналымға шығаратынын хабарлаған.