
Германиялық автоөндіруші BMW орташа өлшемді X5 кроссоверінің бесінші буынын әзірлеп жатыр. Автокөліктің тұсаукесері 2026 жылы өтеді, ал 2028 жылы сутегі қозғалтқышымен жабдықталған нұсқасын шығару жоспарланған.
Осылайша, бесінші буындағы BMW X5 бес түрлі қозғалтқышпен ұсынылады. Яғни бензин, дизель, қосылатын гибрид, сутегі және аккумуляторлы электр қозғалтқышы болады. Алғашқы үшеуі 2026 жылы қолжетімді болады. Сутегі қозғалтқышты нұсқасы – 2028 жылы шығарылады деп жоспарлануда. Аккумулятормен жүретін электрлі нұсқасының нақты шығу мерзімі әзірге жарияланған жоқ.

Кроссовер Neue Klasse платформасы негізінде жасалған. Дизайны жаңартылған iX3 моделіне ұқсас болады деп күтілуде. BMW техникалық сипаттамаларын әзірге жарияламады.
Дәстүрлі аспаптар панелі жаңа Panoramic Vision проекциялық жүйесімен алмастырылады. Ол барлық тірек бөліктерін қамтиды және 17–9 дюймдік орталық экранмен жабдықталады.
Сонымен қатар жаңа X5 моделінде iDrive айналмалы тетігі мен дәстүрлі басқару элементтерінің басым бөлігі минимализм мақсатында алынып тасталады.