Перизат Қайрат пен анасының апеллияциялық шағымы қаралып жатыр

Астана сотында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралып жатыр, деп хабарлайды KursivMedia.
Шағымды Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарап жатыр. Сот алқасының құрамында судья Нұрлан Баяхметов, Жарас Арыстанбеков, Даулешова бар.
Перизат Қайрат сот процесіне қатысу үшін өтінішхат жолдаған. Алайда сот алқасы тараптардың пікірін тыңдап, сотталғандардың сот процесіне қатысуына негіз жоқ деп тапты.
Перизат Қайрат ісі
2025 жылдың шілдесінде Biz Birgemiz Kazakhstan 2030 қорының жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – «Алаяқтық», 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» бойынша кінәлі деп танылды.
Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.