Перизат Қайрат пен анасына шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Кайрат, суд, апелляция
Іс апелляция сатысында қаралды/коллаж kursiv.media

Перизат Қайрат пен анасына шыққан үкім өзгеріссіз қалды.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 10 жылға сотталған Перизат Қайрат пен 7 жылға сотталған Ғайни Алашбаеваға қатысты істі апелляция сатысында қарады. Сот алқасының құрамында судья Нұрлан Баяхметов, Жарас Арыстанбеков, Гүлнар Даулешова бар.

2025 жылдың 24 қазанында сот алқасы шешімімен бірінші сатыда шыққан үкім өзгеріссіз қалды. Сот қаулысы күшіне енді.

«Сот алқасы апелляциялық шағым уәждерін тыңдап, процеске қатысушылардың ұстанымын, прокурордың қорытындысын қарастырып, қылмыстық істің материалдарын зерделей келе, қылмыстық-процестік кодекстің 431-бабы 1-бөлігінің 1-тармағын, 443 және 444-баптарын басшылыққа алып, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылдың 25 шілдесіндегі Қарат Перизат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдыруға, сотталғандардың адвокатының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдыруға қаулы етті», – деді судья.

Перизат Қайрат ісі

2025 жылдың шілдесінде Biz Birgemiz Kazakhstan 2030 қорының жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – «Алаяқтық», 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» бойынша кінәлі деп танылды.

Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.  

Сондай-ақ оқыңыз