Адвокат Перизат Қайратқа шыққан үкімнің күшін жоюды сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәулетияров/фото: kursiv.media

Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәулетияров бірінші сатыдағы үкімнің күшін жоюды сұрады.

Адвокаттың сөзінше, Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға тиесілі бағалы заттардың түпнұсқа екені нақтыланбаған. Ал бұл заттардың бағасына, тағылған айып сомасына әсер етеді.

«Қылмыстық істің барлық материалы, заттай айғақтар, мамандар шығарған қорытынды, куәлердің айғағы, сотқа дейінгі тергеу органдарының қылмыстық процесс қағидаларын бұзуы Алашбаева мен Қайраттың кінәсі дәлелденбегенін көрсетеді», – деді адвокат.

Айтуынша, олардың әрекетінде қылмыс құрамы жоқ.

«Сәйкесінше, бірінші инстанция сотының үкімі заңсыз әрі негізсіз, себебі ол айыптау тарабының өзара қайшы және дәлелденбеген айғағына негізделген», – деді ол.

Соған сүйеніп адвокат қорғау тарабының апелляциялық шағымын қанағаттандырып, бірінші инстанциядағы үкімнің күшін жоюды сұрады. 

Ал қылмыстық істегі жәбірленушілердің бірі, блогер Олжас Садық Қайраттың БАӘ-дегі бренд дүкендерден зат сатып алғанын көргенін айтты.

Айта кетейік, Астана сотында Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға шыққан үкім апелляциялық сатыда қаралып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз