Әлемде жаңа халықаралық мереке пайда болуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тоқаев Халықаралық жер шарын көгалдандыру күнін енгізуді ұсынды/фото: shutterstock

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-ші сессиясында 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдауды ұсынды.

Президенттің айтуынша, Орталық Азияда ауа температурасы әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Алатау мұздықтары тез ери бастады, бұл миллиондаған халықтың су және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Тоқаев Арал теңізінің жағдайы туралы да айтып, теңіздің солтүстік бөлігін сақталғанына тоқталды.

Одан бөлек Каспий теңізі де күннен күнге тартылып бара жатқанын айтты.

«Бұл бір өңірдің ғана проблемасы емес, жаһандық деңгейде дабыл қағатын мәселеге айналды», – деді Тоқаев. Сондай-ақ халықаралық қоғамдастықты Каспийдің су қорын сақтау үшін жедел шараларды бірлесе қабылдауға шақырды.

Қазақстандағы экологиялық бастама

Тоқаев елімізде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жүзеге асырылып жатқанын айтты. 2026 жылы сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

Одан бөлек Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Орнықты даму мақсаттары жолындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады.

«Бас Ассамблеяға 22 сәуірді Халықаралық жер шарын көгалдандыру күні деп жариялайтын қарар қабылдауды ұсынамын», – деді президент.

Бұған дейін президент Қазақстан халқына жолдауында Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны алаңдаушылық білдірді. Мұның келешекте экологиялық апатқа айналуы мүмкін екенін де айтып өтті. Осыған байланысты үкіметке жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырды. KursivMedia Каспийдің қазіргі жай-күйі, теңіздегі су көлемінің не себепті азайып жатқанын сала мамандарынан білді.

Сондай-ақ оқыңыз