
Қазақстанда 25 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы ретінде айналымнан шығарылады.
24 қыркүйекке дейін бұл купюралар жаңа үлгідегі банкноттармен қатар қолданыста болып, дүкендер мен қызмет көрсету орындарында қабылдануға міндетті болды.
Ұлттық банк хабарлағандай, 25 қыркүйектен кейін ескі купюраларды мынадай тәртіппен айырбастауға болады:
- Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде – үш жыл ішінде;
- Ұлттық банктің филиалдарында – мерзімсіз, кез келген уақытта.
Айта кетейік, жаңа үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар 2023 жылдың соңында айналымға енгізілген болатын. Келер жылы тағы бірнеше банкнот айналымнан шығатынын жазған едік.