Алматы тауларына қар түсті
Жарияланды

Алматының биік таулы аймақтарында түнде алғашқы қар түсті. Онлайн-камералар арқылы Богданович мұздығында, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының орта станциясында түсірілген кадрларда 3200 метр биіктіктегі шыңдардың қарға оранғаны анық көрінеді.
Синоптиктер бұған дейін Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын түсетінін ескерткен болатын. Кейбір жерлерде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанған.
Ал еліміздің батысы мен солтүстік-батысында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.