
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кезінде атышулы «Борат» фильмінің актері Саша Барон Коэнге хат жазғанын айтты. Бұл туралы әнші «Бизнес под капотом» жобасына берген сұхбатында бөлісті.
Әншінің айтуынша, сол уақытта Бораттың бейнесі Қазақстанды күлкіге қалдырып, халықтың намысына тиген.
Иә, ол кезде кездесіп, еркекше сөйлескім келді. Себебі ол біздің ұлтты қорлады. Тіпті шетелдегі барлық таныстарымды, өзімнің менеджерімді де қостым. Бірақ Саша Бароннан еш жауап болмады, — деді Димаш.
Сонымен қатар Димаш бүгінгі таңда бұл тақырыпты қайта көтерудің қажеті жоқ екенін атап өтті.
Қазір айтарым: ол адам біздің назарымызға да лайық емес, — деп түйіндеді Димаш Құдайберген.
Бұған дейін Freedom Bank-тің Димаш Құдайбергеннің бейнесі бар арнайы төлем картасын шығарғанын жазған едік.