Ташкент әлемдегі ауасы ең лас қала болып танылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бірнеше фактор Ташкентті әлемдегі ең лас қала атандырып отыр / фото: shutterstock
Бірнеше фактор Ташкентті әлемдегі ең лас қала атандырып отыр / фото: shutterstock

Ташкент әлемдегі ауасы ең лас қала болып танылды. Халықаралық ауа сапасын бақылау порталы IQAir осындай баға беріп отыр.

IQAir мәліметінше, 22 қыркүйекте Ташкенттің біраз уақытқа дейін әлемдегі ең лас қала болып қалатынын көрсеткен.

Kun.uz ақпаратына қарағанда, соңғы жылдары үнемі Ташкент әлемдегі ауасы ең лас қалалардың қатарында келеді. Бұл алып қала үшін ірі экологиялық мәселелердің біріне айналып отыр.

Себептері

Өзбекстан астанасындағы ауаның ластануына бірнеше фактор ықпал етеді. Негізгі көздері – көлік шығарындылары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары. Жыл сайын көлік саны өсіп келеді. Атмосфераға зиянды заттардың таралуы күрт артып отыр. Қыста халық пен кәсіпорындар көмір мен сапасыз отын пайдаланғандықтан жағдай тіпті қиындай түседі. Бұған қоса құрылыс алаңдарынан көтерілген шаң мен қоқыс, жасыл аймақтардың азаюы және өндірістік қалдықтар да мәселені ушықтырады.

Маман пікірі

Климатолог Эркин Абдулахатовтың айтуынша, 22–23 қыркүйекте Ташкенттегі ауаның ластануы атмосфералық ағындардың өзгеруімен байланысты болған. Мұндай кезде ауадағы шаң-тозаң бөлшектерінің көлемі артады. Бұл табиғи ластану деп саналады. Антициклон жағдайында таңертең және кешке ауадағы шаң концентрациясы жоғары болуы мүмкін.

Ал Қазақстанда Астана Қазақстандағы ең лас қала атанып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз