Қоғамдық орында интернетке қосылу үшін ЭЦҚ қажет болады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Енді қоғамдық интернетке қосылу үшін де ЭЦҚ керек. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі байланыс қызметтерін көрсету ережелеріне осындай өзгерістер енгізді.

Енді қоғамдық орындарда интернетке электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS-хабарлама арқылы қосыла аласыз.

Атап айтқанда, қоғамдық орындарда интернетке қосылудың екі тәсілі қарастырылды:

  • пайдаланушы арнайы формадағы «Логин» өрісіне өзінің абоненттік нөмірін енгізіп, SMS арқылы бір реттік құпиясөз алып, оны енгізу арқылы интернетке қосылады;
  • пайдаланушы интернетке eGov порталы арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып та қосыла алады.

Бұл бұйрық 2025 жылғы 4 қазаннан бастап күшіне енеді.

Еске салайық, ЭЦҚ-ны алу тәртібі өзгерді, оны онлайн алуға да болады. Тәртібі жайлы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз