Жаңалықтар

Песков Зеленский мен Путинді Қазақстанда кездестіру туралы сауалға жауап берді

Владимир Путин мен Владимир Зеленский Қазақстанда кездесе ме? /  фото: shutterstock
Владимир Путин мен Владимир Зеленский Қазақстанда кездесе ме? / фото: shutterstock

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей басшысы Владимир Путинге Қазақстанда кездесу туралы ұсынысына пікір білдірді.

24 қыркүйекте Песков РБК радиосының эфиріне шығып, Украина мен Ресей арасындағы жанжалға қатысты сауалдарға жауап берді. Сұхбат барысында украин басшысының жоғары деңгейдегі саммитті Қазақстанда өткізу туралы ұсынысы да сөз болды.

Агенттік мәліметінше, Песков Путиннің мұндай келіссөзді Мәскеуде өткізуді ұсынғанын, бірақ Киев бір бас тартқанын еске салды.

«Диалогқа ашық болса, неге келмейді?» – деп сұрады Песков.

Баспасөз хатшысының айтуынша, украин тарапы «көптеген ұсыныс үйіп-төккен». Олар Қазақстанда кездесу туралы сөз қозғамас бұрын Ресейге «тіпті қолайсыз» елдерді ұсынған. Олардың арасында Швейцария мен Австрия да бар. Зеленский осы екеуін бейтарап елдер деп атаса, Песков мұндай пікірмен келіспейтінін, «бейтарап болудан қалғанын» айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте Зеленский Fox News телеарнасына сұхбат беріп, Путинге Қазақстанда кездесуді ұсындым деп мәлімдеген.