
АҚШ президенті Дональд Трамп Украина Ресей басып алған жерлерді ЕуроОдақтың көмегімен қайтара алады деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.
«Украина мен Ресей арасындағы әскери және экономикалық жағдайды біліп, түсініп, сонымен бірге мұндай жағдайдың Ресейге жасап отырған экономикалық проблемаларын көріп, мен Украина Еуропа Одағының қолдауымен, бүкіл украин жерлерін қайтара алады деп ойлаймын. Уақыт өте келе, төзімділікпен, Еуропаның, соның ішінде НАТО-ның қаржылай қолдауымен, соғыс басталған бастапқы шекараларын қайтаруы мүмкін», – деп есептейді Трамп.
Құрама Штаттар президенті Ресейдің үш жарым жыл бойы «мақсатсыз» соғысып жатқанын атап өтті.
«Путин мен Ресей үлкен экономикалық проблемаларға тап болды. Қазір Украинаға әрекет етуге оңтайлы кезең. Қалай дегенмен, мен екі елге де жақсылық тілеймін. Біз НАТО-ға қару-жарақ беруді тоқтатпаймыз», – деп жазды Ақ үй басшысы.
Осы күндері Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-та жүр. Ол америкалық Fox News телеарнасына сұхбат беріп, Путинге кездесуді Қазақстанда да өткізуді ұсынғанын мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікке қатысты ұстанымын білдіріп, әлемдегі күрделі жағдайларға тоқталды.