ITS Shariah ETF-тің дивидендтік кірісінің бір бөлігін Зекет қорына аударды

Жарияланды
Фото: ITS

Алматыда өткен HALAL EXPO-2025 халықаралық көрмесінде ITS сауда алаңы ITS Shariah ETF шариғаттық индекс қорының (тикер: ITSS) акцияларынан түскен дивидендтік кірістің бір бөлігін Зекет қорына бағыттады.

ITS Shariah қорынан түскен дивидендтік табыстың бір бөлігін шариғат талаптарына сәйкес қайырымдылық мақсаттарға аударуды растайтын ITS Shariah ерікті қайырымдылық сертификаты (ITS Shariah Voluntary Donation Certificate) «Бизнес және Исламдық қаржы» семинарына қатысушылардың алдында салтанатты түрде табысталды.

Жыл басынан бері АҚШ долларымен есептегенде шамамен 20% өсім көрсеткен ITS Shariah индексіне шариғат қағидаттарына сай жұмыс істейтін әлемдік ірі 30 компанияның акциялары кіреді.

ITS-тің басқарушы директоры Александр Дьяковский ITS үшін ITSS шариғат индексін әзірлеп, ITSS ETF қоры бойынша өтімділікті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге исламдық қаржы құралдарының әлеуметтік маңызын көрсету де өте маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, «ITS Shariah ETF аясындағы дивидендтерді «тазарту» механизмі табыстың бір бөлігін мұқтаж жандарға бағыттауға мүмкіндік береді, бұл исламдық қаржының мәнін айқын көрсетеді».

IPS Capital компаниясының (ITSS ETF басқарушысы) CEO-сы Нұрлан Әшімов: «Дивидендтерді Зекет қорына аудару – шариғат қорлары аясында табыстарды қайырымдылыққа бөлу тәжірибесін іске асырудағы маңызды қадам. Бұл Қазақстандағы исламдық қаржының әрі қарай дамуына серпін береді», – деп атап өтті.

«Зекет қорының» директоры Мақсатбек Қайырғалиев: «ITS пен IPS Capital-ға дивидендтік кірісті қорымызға аударғаны және исламдық қаржыны дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз. Мұндай тәжірибе жақсы дәстүрге айналып, нарықтың басқа да қатысушыларына үлгі болады деп сенеміз», – деді. Оның айтуынша, бұл қаражат әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарды қолдау бағдарламаларына жұмсалады.

Сертификаттың табысталуы 2025 жылдың мамырында ITS пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Зекет қоры арасында Қазақстан мен Орталық Азияда исламдық қаржыны дамытуға бағытталған өзара түсіністік меморандумға қол қойылғаннан кейін жүзеге асты.

Өз индексі негізінде ITS Shariah ETF қорын іске қосу және дамыту Қазақстанда шариғатқа сай инвестициялық өнімдер жүйесін құрудағы алғашқы қадам болды. Бұл тәжірибе Астана халықаралық қаржы орталығы мен ITS-тің исламдық қаржы бойынша өңірлік орталық ретіндегі мәртебесін нығайтып, Орталық Азия мен басқа елдерден инвесторлар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

ITS туралы ақпарат

ITS – халықаралық өтімділік хабы. ITS бизнес моделінің негізінде жатқан best execution қағидасы мен smart order routing өтімділікті қамтамасыз ету технологиясы инвесторларға жаһандық қаржы нарығындағы ең жақсы бағамен және кез келген көлемде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға мүмкіндік береді. Осы технологияның арқасында ITS алаңындағы шетелдік бағалы қағаздар бойынша өтімділік осы бағалы қағаздар саудаланатын жетекші халықаралық алаңдардағымен бірдей.

ITS Central Securities Depository Limited – ITS-тің орталық депозитарийі – бағалы қағаздарды сақтау және есеп айырысу бойынша депозитарлық қызметтер көрсетеді. Депозитарий АҚШ-тың салық қызметі тарапынан ұстап қалуға негізгі жауапкершілігі бар білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алған.

Central Counterparty – ITS-тің орталық контрагенті – клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша тарап болып табылады және ITS сауда алаңында жасалған мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.

ITS алаңы ITS World (ITSW) және ITS Shariah (ITSS) өз индекстерін есептейді.

ITS алаңының тікелей клиенттері Қазақстан мен басқа елдердің бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары – АХҚО-да аккредиттелген, сол сияқты тікелей тіркелген қаржылық делдалдар болып табылады. Инвесторлар – жеке және заңды тұлғалар сауда-саттыққа қаржы делдалдары – брокерлер мен банктер арқылы шығады.

Серіктестік негізде

Сондай-ақ оқыңыз