
Отбасы банк пәтерді немесе үйді жөндеуге арналған несие ұсынып отыр. Бұл несие интерьерді жаңартып қана қоймай, болашақ баспанаға да ақша жинауға кедергі келтірмейді.
Банк үйге арналған жинақтан бас тартпай-ақ, қосымша жөндеу жасауға арнайы несие беру тетігін қарастырып отыр.
Кім ала алады?
Несиені банктің кез келген салымшысы рәсімдей алады, яғни депозитте қаражат жинап жүрген азаматтарға қолжетімді.
Басты шарт – депозитте несие сомасының кемінде жартысы болуы тиіс.
Максималды сома – 3 млн теңгеге дейін, жылдық мөлшерлеме – 3,5%-дан басталады, депозит мерзімі – кемінде 3 жыл.
Бір ұтымды пәтердің иесі болу міндетті емес. Тұрақты тіркеуіңіз немесе тұрғын үйде үлесіңіз болса жеткілікті. Бұл дегеніміз, ата-анаңыздың пәтерін немесе жалға алып отырған баспанаға жөндеу жүргізе аласыз. Жалғыз шарт – қаражатты мақсатқа сай пайдалану, материалдардың түбіртектерін сақтау және жөндеуге «дейінгі де, кейінгі де» фотосын түсіру.
Несие кепілсіз беріледі, бірақ кепілгер талап етіледі. Кепілгер ретінде ресми табысы бар және несие тарихы таза 21–64 жас аралығындағы туысыңыз, досыңыз немесе әріптесіңіз бола алады. Егер форс-мажор жағдайы орын алса, қарызды қайтару жауапкершілігі кепілгерге жүктеледі.
Салымшыларға кеңес
Егер жөндеу жасағыңыз келсе және жинақты жалғастырғыңыз келсе, депозитті екіге бөлуге болады. Бір бөлігінен – жөндеуге несие рәсімдеуге, екінші бөлігінен – баспанаға жинауды жалғастыруға мүмкіндік бар.
Айта кететін жәйт, депозитті бөлуге жылына бір рет қана болады, ал мемлекеттік сыйақы тек бір депозитке ғана есептеледі.