Қарағандыдан Семейге әуе рейсі ашылды. Билет бағасы қанша?

23 қыркүйектен бастап Қарағанды мен Семейді байланыстыратын тікелей әуе рейсі ашылады. Ұшақ аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады.
«Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады. Жолаушылар аптасына 2 рет – сейсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Билет бағасы бар болғаны 15 000 теңге.
Қазіргі уақытта Семей қаласынан «Семей – Алматы», «Семей – Астана», «Семей – Үржар», «Семей – Қарағанды» бағыттары бойынша әуе рейстері орындалуда. Аталған рейстерді «FlyArystan», «Оңтүстік аспаны», «SCAT» әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.
Айта кетейік, республикалық бюджеттен субсидияланатын жаңа бағыт ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.
Еске салсақ осыған дейін қазақстандық лоукостер FlyArystan Алматы мен Қытайдың Инин (Құлжа) қаласы арасындағы әуе бағдарын кеңейткен болатын.