Астанада зейнеткерлерге қарттар күніне орай біржолғы ақшалай көмек беріледі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Біржолғы төлем мөлшері 2,5 АЕК немесе 9 830 теңгені құрайды / Фото: kursiv.media архиві

Қарттар күніне орай астаналық зейнеткерлерге жергілікті әкімдік бір реттік ақшалай көмек береді.

Зейнеткерлерге 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 9 830 теңге біржолғы жәрдемақы беріледі. Бұл төлемді елорданың 100 мыңға жуық тұрғыны алады.

Ал Алматыда мұндай төлемдер жоспарланбаған. Қала билігінің түсіндіруінше, қарияларға қолдау көрсету жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын 13 түрлі әлеуметтік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда Қарттар күні жыл сайын 1 қазан күні аталып өтеді.

Айта кетейік Қазақстанда 1 қазанда Қарттар күні атап өтіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен аталмыш мейрам 1991 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді.

Өткен жылы да елорда зейнеткерлері біржолғы әлеуметтік көмек алған болатын. Бұл мақсатқа Астана әкімдігі 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген. Осылайша 107 мыңнан астам елордалық әр қарияға 9 мың 230 теңге мөлшерінде бір реттік жәрдемақы беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз