Студенттердің стипендиясы қашан түседі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Студенттерге арналған стипендия қай уақытта беріледі / Фото: архив kursiv.media

«Қаржы орталығы» АҚ студенттердің стипендиясы қай уақытта түсетінін хабарлады.

Ведомствоның ресми мәліметіне сүйенсек, төлемдер жоғары оқу орны барлық қажетті деректі ұсынған жағдайда айдың 10-ынан кейін жүзеге асырылады.

Ақпаратқа сәйкес мемлекеттік стипендия төлемдері жөнінде келесі ақпаратты хабарлаймыз:

«Жылдағыдай 1-курстың 1-семестрінде оқитын студенттерге (бакалавриат, магистратура, докторантура) арналған қыркүйек айының стипендиясы қазан айының ішінде төленеді «,– делінген хабарламада.

Медициналық жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері қыркүйек пен қазанның стипендиясын қазан айында қосып алады.

Басқа студенттерге қыркүйек айының стипендиясы осы айдың соңына дейін түседі.

Төлем қалай қалыптасады?

«Жоғарғы оқу орнынан студенттер оларды атестаттау және деректемелер туралы мәліметтер алынғаннан кейін тексеру жүргізіліп, төлем тізілімі қалыптастырылады. Содан кейін стипендия көрсетілген шоттарға аударылады»,– деп хабарлады Қаржы орталығы.

Еске салайық мемлекеттік гранттарға биыл 113 мыңға жуық өтініш түсіп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Үкімет тарапынан 93 232 грант бөлінді, оның 77 084-і – бакалавриат бағдарламасына арналған. Конкурс қорытындысында гранттар 99% игерілген.

Сондай-ақ оқыңыз