Депутат Смышляева заң жобаларын жасау үшін ЖИ қолданатынын айтты

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева заң жобаларын әзірлеу барысында жасанды интеллекті (ЖИ) қалай пайдаланатынын айтты. Оның сөзінше, ЖИ мәтін жазуға емес, талдау жасауға ыңғайлы құралға айналған.
Смышляева жасанды интеллектіні іздеу жүйесі ретінде қолданбайтынын түсіндірді, себебі ол қателіктерге жол беруі немесе ескірген ақпарат беруі мүмкін. Дегенмен ЖИ күрделі материалдарды сараптап, шолулар жасауға көмектеседі. Мысалы, ол бір апта ішінде жасанды интеллектіні реттеу бойынша әрқайсысы 100–200 беттен тұратын сегіз сараптамалық есеп жинаған (көбіне ағылшын тілінде). Оларды ChatGPT-ке жүктеп, оқуға жеңіл 30 беттік қысқаша мазмұн алған.
«Реттеулерге шолу жасау, яғни осындай мамандандырылған сайттарды іздеу барысында ЖИ-ді қолданамын. Бірақ жоғары деңгейдегі интеллектуалды еңбек тұрғысынан алсақ, ол әзірге пайдасыз», – деді ол.
Смышляева заң мәтінін жазуда ЖИ-ді әдейі қолданбағанын да атап өтті, себебі мұндай жағдайда біржақтылық туындауы мүмкін. Оның айтуынша, мұндай күрделі міндеттер үшін жалпы модельдер емес, арнайы жасанды интеллект агенттері қажет.
Айта кетейік енді білім беру жүйесінде ЖИ технологияларын тек оқыту процесіне ғана емес, бағалау мен кәсіби бағдар беру бағытында да қолданылатын болады.