Украинада отырып қазақстандықтарды 900 млн теңгесінен айырған call-орталық жабылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
мошенники
Украинада отырып жұмыс істеген call-орталық жабылды / shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанның және Украинаның ішкі істер министрлігі бірлесіп Черновцы мен Одесса қалаларында жұмыс істеген call-орталықтың қызметін тоқтатты. Бұл call-орталық алаяқтық мақсатта жұмыс істеген. Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтарға келген шығын 900 млн теңгеге жеткен.

Алаяқтар қалай әрекет еткен?

Полицияның хабарлауынша, олар азаматтарға Қазақстанның Ұлттық банкі, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері атынан қоңырау шалған. «Күдікті операциялар» мен «террористік ұйымдарды қаржыландыру» үшін қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып, азаматтарды несие алуға, мүлкін сатуға және депозиттегі қаражатты дроптардың шотына аударуға мәжбүрлеген.

Психологиялық қысым жасаған

Топ нақты иерархиядан тұрған. Ішінде әкімшілер, HR-менеджерлер, «клоузерлер», техникалық қызметкерлер, тіпті «күштік блок» болған.

«Осылайша олар психологиялық қысым жасаған. Қылмыстық жолмен алынған ақша call-орталықтың жұмысына, автокөлік сатып алуға және тағы да басқа нәрселерге жұмсалған», – делінген ақпаратта.

Күдіктілердің бірі кейінгі алты айда 5 көлік сатып алған.

Алаяқтар қалай анықталды?

Call-орталық кеңсесіне жүргізілген тінту барысында 30-дан астам компьютер, 79 ұялы телефон, sim-карталар, киім-кешек, құқық қорғау және арнайы органдардың, Ұлттық банктің қызметкерлерінің жалған куәліктері, азаматтарды алдауға арналған түрлі жауап нұсқалары бар алдын ала дайындалған сценарийлер табылған.

Тәркіленген құрылғылар арасында deepfake технологиясы арқылы бейне мен дауысты өзгертуге арналған арнайы бағдарламалық жабдық табылды.

Арнайы операция нәтижесінде Украинаның тоғыз азаматы ұсталып, оның бесеуі қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 16 500-ден астам интернет алаяқтық дерегі тіркелді. Былтыр 22 500-ден аса жағдай анықталған

Сондай-ақ оқыңыз