Алматыға келген Джеки Чанға қазақстандықтар шапан жапты – видео

Жарияланды 25 Қыркүйек 2025 15:08

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General News бөлімінің тілшісі a.taubay@kursiv.media
Джеки Чан Алматыға 23 қыркүйекте келді/фото: Instagram/Jackieсhan

Алматыға келген танымал актер Джеки Чанға қазақстандықтар шапан жапты.

Әлеуметтік желіде 71 жастағы актердің Алматыдағы видеосы жарияланды. Ол жерде бір топ адам Джеки Чанға қазақтың оюлы шапанын жауып, құрмет көрсеткен. Желі қолданушылары видеоның Шымбұлақта түсірілгенін жазып жатыр.

@.101.beq #джеки#чан#так ♬ На связи – Truwer & Экси & CAPTOWN & Niman & Fardi

Айта кетейік, Джеки Чан Алматыға 23 қыркүйекте келді. Сол кезде актерді Қазақстандағы Salem Entertainment компаниясының өкілдері күтіп алғаны айтылды. Бұл компания көпшілікке «5:32», «Қара аула», «Шекер» сияқты табысты сериалдары арқылы танылған.

Сондай-ақ оқыңыз