Енді қазақстандықтар АҚШ-қа сәлем-сауқат жібере алмайды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
АҚШ-қа сәлемдеме жіберу тоқтатылды/фото нейрожелі арқылы жасалған/бильд-редактор: Дастан Шанай

Енді қазақстандықтар АҚШ-қа сәлем-сауқат жібере алмайды. Бұл туралы «Қазпошта» хабарлады.

Тауар түріндегі сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу 2025 жылдың 26 тамызында АҚШ-тың шекара-кеден қызметі қабылдаған шешімге байланысты тоқтатылған.

АҚШ тарапы енгізген шектеу әлемнің көптеген елінен жіберілетін пошта жөнелтілімдеріне қатысты болып отыр. Қазір Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 мемлекеттің ішінде тек бес мемлекеттен ғана АҚШ-қа сәлемдеме жолдауға болады.

Ал хаттар мен құжаттар АҚШ-қа бұрынғыдай қалыпты режимде жолдана береді.

«Қазпошта» серіктестерімен тұрақты байланыста екенін және қызметті тез арада қалпына келтіру үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз